Павлодар облысында ауыл мектептерінде 8 млн теңге жымқырылғаны анықталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Железин ауданы мектебінің есепшісі бұрын аталған мекемеде мүлдем жұмыс істемеген екі ұлына ақша аударып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аудиторлар Аққайың ауылы мектеп директорының бұйрығымен есепшінің 2016 жылдың мамырында жұмысқа орналасқанын анықтады. Мекеме есепшісі 2016-2018 жылдары 3 млн 206 мың теңгені негізсіз төлеген. Сондай-ақ, аудиторлар бюджет қаржысы бұл жерде мүлдем істемеген есепшінің екі ұлына да төленгенін анықтады», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Павлодар облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаржылық есеп аудиті бөлімінің бас маманы Қуаныш Исеев.

Павлодар облысындағы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторлары Железин ауданының «Аққайың ауылының негізгі жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінде және «Захаров негізгі жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінде Павлодар облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қаулысының негізінде осы мекемелердің есепшілерінің бюджет қаражатын жымқыру мәселесі бойынша тексеріс жүргізді, деді аудитор.

«Сондай-ақ, есепші мектеп директорының бұйрығы негізінде 2015 жылдың қаңтарынан «Захаров негізгі жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінде жұмыс істеген. Ол жұмысқа орналасқан сәттен бастап өзіне және екі ұлына 3 млн 968 теңге көлемінде бюджет қаржысын аударып отырған», - деді ішкі мемлекеттік аудит департаментінде.

Ведомство мамандарының хабарлауынша, Захаров мектебінде есепші директорға 2015-2018 жылдар аралығында 630 мың теңге төлеген.

«Есепші екі мектепте барлығы 7 млн 804 мың теңге бюджет қаражатын жымқырған», - деп есептеді Қ. Исеев.

Авторы Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар