Павлодар облысында ауыл есепшісі 4,5 млн жымқырды деген күдікке ілікті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының мәдениет үйлерінде ірі көлемде бюджет қаражаттарын жымқыру дерегі тіркелді, ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудит жүргізу кезінде Калиновка және Байқоныс ауылдарындағы мәдениет үйлерінде заңбұзушылық анықталды.

«Жұмысшыларға жалақы төлеудің дұрыстығын, банк есептерін тексеру кезінде мемлекеттік аудиторлар есепші М. Әлібайдың қаржыларды өз картасына аудара салғанын анықтады», - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Қаржы министрлігінің хабарына қарағанда, есепші осылайша жалпы сомасы 4579,5 мың теңге болатын бюджет қаражатын жымқырған. Калиновка ауылынан 1644,2 мың теңге жымқырса, ал Байқоныстан 2935,3 мың теңгені қолды қылған.

Материалдар Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылып, қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар