Павлодар облысында аутист балаларды оңалтуға арналған орталық ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жыл соңына дейін аутизм синдромы бар балаларды оңалтуға арналған орталық ашылады. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлолар облысында аутизм синдромы бар балалардың ата-аналар оңалту шаралары үшін басқа облыстарға барып, қаражат шығындауға мәжбүр. Тіпті мүмкіндігі шектеулі балаларын қарату үшін олар ұзақ уақыт бойы кезекке тұрады. Ал Қазақстанның басқа қалаларында аутизм синдромы бар балаларға арналған орталық жұмыс істеп тұр. Неліктен осындай орталықты Павлодар қаласында ашпасқа? Бұл сұрақты тілшілердің бірі бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Әбілқайыр Сқақовқа қойды.

Бұл сұраққа жауап берген облыс әкімі аутизм синдромы бар балалардың ата-аналармен кездескенін мәлім етті.

«Мен оларға осы мәселені шешетінімді айтып, уәде бергенмін. Бүгінгі таңда аутизм синдромы бар балаларды оңалтумен айналысатын мекеме құрылды. Ол мекеменің штаты бекітілді. Біз бұған дейін тек осы орталық орналастын нысанды іздеген едік. Ғимаратты таптық. Қазір «Асыл мирас» қорымен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы орталықтың мамандарының бәрі де оқытылады. Жыл соңына дейін бұл орталықты іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді өңір басшысы.



Соңғы жаңалықтар