Павлодар облысында ауаны ластағандарға 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Биыл Павлодар облысының ірі кәсіпорындары табиғатты қорғау шараларына 13,7 млрд теңге бөлген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев мәлім етті.

Павлодар қаласында департаментіміз «Павлодар облысының азаматтық альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігімен бірлесе облыс тұрғындарына экологиялық мәселелер бойынша өз пікірін білдіріп, оларды ашуға мүмкіндік беретін «Ашық есік күнін» өткізді. Бұл шара әлемдік қауыммен жыл сайын 5 маусымда өткізілетін Әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған. Мереке 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 27-сессиясында жарияланған. 2019 жылдың тақырыбын БҰҰ «Ауаның ластануымен күрес» деп жариялады. Бұл күнді атап өтудегі мақсат - мерекелі өткізу әрбір адамда қоршаған ортаны қорғауға деген ынтасын тудыру. «Ашық есік күні» шарасында тұрғындар көгалдандыру мен жасылдандыру, ағаштардың кесілуі, белгілі жөндеу жұмыстарынан кейін жолдардың қалыпқа келмеуі жөніндегі мәселелерді көтерген. Департамент басшысының айтуынша, инспекциялық қызмет экологиялық мәселелер бойынша 14 тексеру жұмыстарын жасаған. - Оның 4-і жоспарлы, 10-ы жоспарсыз тексеру болды, - деді Данияр Әлиев. - Нәтижесінде 2 миллион 278,9 мың теңгеге 42 айыппұл салынды. Оның 2 миллион 50,7 мың теңгелік 39 айыппұлы өтелді. Жалпы, 2019 жылдың бірінші тоқсанында атмосфераға 344,8 мың тонна зиянды зат шығарылған. Өңіріміздегі ірі кәсіпорындар табиғатты қорғау шараларына 13,7 миллиард теңге бөліп, тиісті шараларды атқаруда.

Айта кетейік, «Қазгидромед» РМК ұлттық операторы атмосфера тазалығына бақылау жүргізеді. Жезқазған, Қаратау, Қарағанды - ең лас қала саналса, Павлодар қаласы тізім бойынша 33-орында. Ақсу - 31, Екібастұз 36-орынға жайғасқан.

Соңғы жаңалықтар