Павлодар облысында Астана күндері өтеді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстанның 50 көрнекті суретшісі Астанадан Павлодарға келіп, үздік деп танылған 60 жұмысын таныстырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 және 3 қыркүйекте облыс тұрғындары «Ақ тілекпен, Астана» көрмесін тамашалай алады. Экспозицияда отандық  50 суретшінің үздік 60 жұмысы жиналды. Көрмеде Жанна Спунердің жеке топтамасындағы жұмыстарын, сондай-ақ, астаналық шеберлердің картиналары мен мүсіндерін көруге болады», - деді Павлодар облысы Ішкі саясат басқармасындағылар.

Көрме Павлодар облыстық көркемсурет музейінде таңғы 10-нан кешкі 6-ға дейін жұмыс жасайды. Ал 2 тамыз күні, сағат 19.00-де «Ертіс Променад» сахнасында өтетін «Астанадан ақ тілек» гала-концертінде елордалық әртістер өнер көрсетеді.

«Сахнаға «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, эстрадалық би ансамблі, классикалық, эстрадалық және халықтық вокал солистері шығады. Сондай-ақ, отандық эстрада жұлдыздары Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Күлайым Қайырбаева, Дос, Ринат Мальцагов және Алмас Кішкенбаев өнер көрсетеді», - деді Ішкі саясат басқармасының өкілі.

Шараға ұйымдастырушылар демеушілік көрсеткен. Кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар