Павлодар облысында Ashyq көшбасшыларына түнгі екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа сәйкес, жұмыс күндері Ashyq жобасына қатысатын мына нысандардың: барлық типтегі қоғамдық тамақтану нысандары; сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, азық-түліктік емес дүкендер, сауна, СПА орталықтар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, PlayStation клубтарды қоса алғанда бильярд, компьютер клубтары, боулинг, караоке, лотерея клубтары мен лотереяны өткізудің өзге де нысандары, букмекерлік кеңселер жұмысына рұқсат беріледі.

Қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе (вакцинация, сынамаларды алу кезінен бастап жеті тәулік аспаған теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе соңғы үш ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда түнгі сағат 00:00-ге дейін жоғарыда аталған нысандардың жұмысына рұқсат беріледі.
Ashyq көшбасшылары 02:00-ге дейін жұмыс істей алады. Қаулы 29 қазан сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 12 қараша сағат 00:00-ге дейінгі мерзіммен күшіне енеді. Аталған құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.

Авторы: Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар