Павлодар облысында Армениядан әкелінген 77 көлік тіркеуге алынбайды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта облыста Армениядан әкелінген83 автокөлік тіркеуге алынған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.

«2020 жылдың 1 маусымынан бастап Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсетудің 4 орталығында (Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс ауданы) жүзеге асырылады. Павлодар облысының тұрғындары Армения Республикасынан 182 автокөлік әкелген. Оның ішінде 77 көліктің рөлі оң жағында және тіркеуге келмейді», - деді баспасөз қызметінде.

Бүгінде 83 автокөлік тіркеуге қойылды. Көлік құралдары иелеріне мемлекеттік тіркеу белгілері 14 аймақпен А әрпінің белгісі бар сары түсте берілді.
«Осы тіркеумен автокөлік иелері Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де еркін жүре алады. Жыл сайын техникалық тексеруден өтіп, сонымен қатар автомобиль көлігі салығын төлей алады. Армения Республикасынан келген автокөліктің әрбір иесімен полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көлікті тіркеу ережелерін түсіндіреді», - деді департаментте.

Армения Республикасынан әкелінген автокөлік құралдарын тіркеуге қатысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша облыс тұрғындары анықтаманы Павлодар облысы ПД қызметкерлерінен Call -орталығының: 33-38-06 телефоны арқылы ала алады.

Соңғы жаңалықтар