Павлодар облысында «Алтын белгіге» үміткерлердің 99,5 пайызы үмітті ақтады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Биыл Павлодар облысында 209 «Алтын белгі» үміткерлерінің 208-і немесе 99,5 пайызы өз білімін растады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлім етті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 «Қорытынды аттестаттау - 11 жыл бойы мектепте  алған білімнің нәтижесі», - деді  Дінислам Болатханұлы. - ҰБТ тек  жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсыратын емтихан  болып табылады. Соңғы екі жылда бүкіл қорытынды емтихандар тек қана мектеп қабырғасында өтетіні белгілі және «Алтын белгі»  де  емтихан нәтижесі бойынша беріледі.      Облыс мектептерінде 11 сынып оқушыларының емтиханы 29 мамыр - 9 маусым аралығында өтті. Биыл мектепті 3897 оқушы бітірді. Оның ішінде қазақ тілінде білім алғандар саны - 1964, орыс тілінде - 1933. Үздік аттестатқа үміткер 107 оқушының барлығы өз білімдерін растады». 

    Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қорытынды аттестаттаудан білім беру басқармасының бұйрығымен  79 оқушының 76-сы денсаулығына  және  ҚР құрама командасына үміткер үш түлек  оқу-жаттығуларға байланысты емтиханнан босатылған. - Білім беру грантын тағайындау кезінде  «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті түрде ҰБТ тапсырады, - деді Дінислам Болатханұлы.

 Сондай-ақ  бұрын гранттарды тағайындау  кезінде «Алтын белгі» иегері қанша балл жинаса да  бірден басымдық құқыққа ие болатын. Биылғы жылдан бастап,  тек қана бірдей  балл  жинаған жағдайда «Алтын белгі» иегерлері  грантқа қол жеткізе алады. 11 жыл бойы  алған білімін сарапқа  салатын сәтте түрлі жағдайларға  байланысты ҰБТ нәтижесінде үміткерлер өз «Алтын белгісін» дәлелдей  алмайтын кездер болды. Сондықтан министрліктің шешімімен  балаларға қара шаңырағында емтихан тапсыру туралы шешім қабылданды және бұл құптарлық ой. 

Соңғы жаңалықтар