Павлодар облысында алимент төлемей қашып жүрген әке Ресейден табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Полиция алимент төлеуден жалтарған 52 жастағы ер адамды 2016 жылдан бері іздеп, Санкт-Петербор қаласынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша, полиция алимент төлеуден жалтарған 203 адамды анықтады, соның ішінде бес адам Ресей Федерациясының аумағынан табылды. Айта кетейік, 2019 жылы тәртіп қызметкерлері 225 борышкер әкені анықтаған. Полицейлер алимент төлеуден жалтарғаны үшін 2016 жылдан бері іздеуде болған 52 жастағы ер адамды тапты. Ол Ресей Федерациясының аумағында, Санкт-Петербор қаласынан табылды», - деп баяндады Павлодар облысы полиция департаменті басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тағы бір борышкер, 35 жастағы павлодарлық азаматты полиция оның үш жылда жиналған алимент қарызын толық өтегендіктен іздеуді тоқтатты.

Құқық қорғаушылар алимент борышы бар 32 көліктің иесін анықтай алған.

«Барлық көлік арнайы айып тұрағына кіргізілді. Алимент төлеу бойынша борышкерлердің көлік құралдары туралы мәліметтер сондай-ақ «Автопоток» және «Интегра» автоматтандырылған жүйесіне енгізілуде», - деп қосып өтті ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар