Павлодар облысында алимент төлемеген тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2016 жылдан бері алимент төлемеген ер адамның 2,5 млн теңге берешегі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарыз иесінің атында мүлік, онымен бірге зейнетақы жинағы да, банк шотында ақшасы да болмаған.

Сот орындаушы А.Т.Ықсағатова бірнеше рет шақырып, жауапсыз әкеден алимент төлеуді талап еткен.

Алайда сот орындаушының талабын ер адам құлағына да ілмепті.

«2020 жылдың 10 қазанында қарыз иесіне жұмысқа тұру бойынша есепке тіркелуі керектігі ескертілген. Алайда ол ескертуді де ер адам елемеген», - деп хабарлайды Әділет министрлігінен.

Осыған байланысты Әділет департаменті аталмыш азаматты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде полицияға ұсыным жіберген.

Ұсыным орындалып, қарыз иесі үш күнге қамауға алынған. Алайда қамаудан шықса да әкелік міндеттемесін орындауға асықпапты.

«Әдейі жалтару мен сот актісін орындамағандықтан жеке сот орындаушы Павлодар облысының Полиция департаментіне қарыз иесін ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыным жіберді. Павлодар облысының жасөспірімдер істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен қарыз иесінің бір жылға бас бостандығы шектелді», - деп хабарлайды министрліктен.


Соңғы жаңалықтар