Павлодар облысында әлеуметтік нанның бағасын сақтап қалу туралы меморандумға қол қойылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында әлеуметтік нанның бағасын сақтап қалу туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасындағы бөлім басшысы Татьяна Нагула.

Облыста ұн тартатын ірі сегіз компания мен 20 наубайхананың өкілімен аймақтың ұн тартатын кәсіпорындарының наубайшылар үшін бірінші сұрыптағы ұнды бір келі үшін 70 теңгеден асырмайтыны жөнінде келісілді. Наубайшылар қалыпты нанды дүкендерге бір бөлке үшін 67 теңгеден жоғары емес бағамен жеткізуді міндеттенеді. Сауда үстемесімен 550 грамм салмақтағы бір бөлке нанның бағасы 70 теңгені құрайды.

Т.Нагула сондай-ақ бағалар мониторингін жасау бойынша облыстық жұмыс тобы 1 сұрыптағы нан бағасын күн сайын қадағалап отырғанын хабарлады. Қазіргі уақытта 1 сұрыптағы бидай нанының бір бөлкесі 45 теңге («Рубиком» ЖШС дүкендерінің желісі), 50 теңге («Аквамарин» ЖШС), 58 теңге (ЖК «Акимов»), 60 теңге («Группа Интер» ЖШС және «Ақоба»), 72 теңге («ПХБК» ЖШС) тұрады.

Орташа есеппен алғанда, 11 ақпандағы жағдай бойынша, сауда желісінде қалыпты нан бөлкесінің бағасы 65 теңгені құраған.

«Таңдау сатып алушыда деп ойлаймыз, әрі сапалы, әрі қолжетімді бағадағы нанды сатып алуға болады», - деп санайды әкімдіктің өкілі.

Соңғы жаңалықтар