+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар 16 нысан бой көтереді

2019 жылғы 12 желтоқсан 09:13
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар 16 нысан бой көтереді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы соңғы сессиясында 2020-2023 жылдарға арналған өңірлік бюджет қабылданды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев атап өткендей, республикалық бюджеттен түсетін мақсатты трансферттерін қоса есептегенде 2020 жылға арналған өңірлік бюджет көлемі 222,6 миллиард теңгені құрады. Бұл биылғы бюджеттен 4% артық.

«Келер жылы әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат 27%-ға артып, 76 миллиард теңгеге жетеді. Мәселен, 2,7 миллиард теңге денсаулық сақтау саласына жолданады. Оның 400 миллионына 50 науқасқа арналған қымбат бағалы дәрі-дәрмек сатып алынады» , - дейді Мақсат Тұрлыбаев.

Облыс әкімі Болат Бақауов айтқандай, жаңа бюджетте тұрғындардың әлжуаз топтарын қолдауға арналған әлеуметтік пакет күшейтілген. - Мүгедектерді арнайы құралдармен қамту мәселесі ерекше назарға алынған. Биыл мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған арба мәселесін түбегейлі шештік. Келесі жылы санаторлық-курорттық ем ұйымдастыру, протездер сатып алу және өзге де қосалқы құралдарды сатып алуға қажет қаражат қарастырылады, - дейді Болат Бақауов.

Осы жолы бізді Еңбек министрлігі қолдап, облысқа 500 миллион теңге бөлді. Жалпы алғанда осы мақсатқа жұмсалатын қаражат 2,4 есеге арттырылды. Келер жылдан бастап облыстық бюджет «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясындағы жөндеу жұмыстарын қолдап, аталған жобаға енбеген кейбір ауылдарды ғана қаржыландырады.

«Қала мен аудан әкімдері жөндеу жұмыстарына өздері де қаражат іздестіруі тиіс. Ол үшін барлық әкімдер салық жинау мәселесін күшейтуі тиіс. Келесі жылы кіші және орта кәсіпкерліктен түсетін корпоративтік табыс салығы қала мен аудан әкімдіктеріне тапсырылатын болады. Мұндай жаңашылдық әкімдердің өздеріне тиесілі аудандағы экономикалық белсенділікті арттыруға мүдделілігін арттыруы тиіс, - дейді әкім.

Айта кетейік, келер жылы облыста әлеуметтік маңызы бар 16 нысан салына бастайды. Олардың ішінде Ямышево, Есілбай және Ағашорын ауыл клубтары, Мойылды, Жетекші және Ақсу кенттерінде дене шынықтыру кешендері, Тереңкөлде хоккей корты мен Шарбақты мен Майқайың ауылдарында салынатын стадиондар бар.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT