Павлодар облысында алаяқтар «алшаң» басуда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы полиция қызметкерлері интернет арқылы ақша бопсалауға қатысты алаяқтық әрекеттердің белең алғандығын айтып, дабыл қағуда, дейді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Соңғы уақыттарда интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер саны күрт артқан. Оңай олжа табуды көздегендер өздерін несие рәсімдеу немесе арзан бағадағы автокөлік бөлшектері, ұялы телефон немесе басқа да тауарлар сататын менеджер ретінде таныстырады. Алдымен хабарламада көрсетілген шотқа ақша аударуын талап етіп, одан кейін несие келісімшартын немесе сатып алушы тапсырыс берген тауарды жеткізуге уәде береді. Ақша шотқа аударылғаннан кейін, «менеджер» немесе «сатушы» байланысқа шықпайды. Нәтижесінде алданған адам ақшасыз, әрі тауарсыз қалады», - деп хабарлайды Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.

Екібастұз қаласындағы ІІБ-ына 22 жастағы қала тұрғынынан шағымы шағым түсті. 22 жастағы әйел адам жолдасымен бірге автокөлік сатып алу үшін несие алмақшы болған. Банктердің мұндай қарызға қоятын пайызы өте жоғары болғандықтан, ерлі-зайыптылар несиенің басқа балама көздерін іздестірген. Олар интернет желісіндегі «Жеке несиелер» деген қосымшадағы «Жылдық 12 пайызбен несие береміз. 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 200 000 теңгеден 3 000 000 -ға дейін несие береміз» деген хабардандыруға назар аударады. 

Аталған хабарландыру астында байланыс нөмері көрсетілген. Хабарласқан «алаяқ» менеджерлері олардан несие сомасы мен төлеу мерзімі көрсетілген өтінішті  жіберуін сұрайды. Екібастұздықтар үш жыл мерзіммен екі миллион теңге алатындықтары туралы хабарламаны жолдайды. Полицейлердің мәлімдеуінше, ақшаны алу үшін алаяқ ай сайынғы төлем сомасы көрсетілген кесте құрастырып, өтініш берушіге қайта жолдайды.

Ұсынылған шарттар көңілдерінен шыққан ерлі-зайыпты олармен байланысты әрі қарай жалғастырады. Өтінішті рәсімдеу үшін олардан жеке куәліктерінің көшірмесі мен киви-әмиянға ақша жіберілуі талап етілген. Шотына келісілген ақша аударылғаннан кейін, «несие алушыға» «Қазіргі кезде ешкімге сенуге болмайды» деген хабарлама жолдаған.

Соңғы жаңалықтар