+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Павлодар облысында 716 браконьер жауапқа тартылды

2019 жылғы 7 қазан 16:33
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында 716 браконьер жауапқа тартылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары халыққа жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау туралы заңнаманы түсіндіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңның браконьерлікпен күрес жөніндегі ұсынатын өкілеттігінің барлық спектрін пайдалана келе, сондай-ақ, табиғат пайдаланушыларымен бірлескен жұмысты сауатты орындау арқылы бұл бағытта атқарылатын жұмыстың тиімділігін арттырып, браконьерлер мен бұзақылардың жауапкершіліктен құтылып кетуіне жол бермейміз», - деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Павлодар облысында табиғатты қорғау заңнамасын сақтамау әрекеттерін, биологиялық ресурстар өнімдері мен нысандарын заңсыз айналымға енгізуді анықтау және олардың алдын алу, экологиялық қылмыстарды ашу бойынша «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы басталды. Сондықтан полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары жеке құраммен нұсқаулық жиын өткізді. Онда браконьерлікті нәтижелі анықтау және алдын алу бойынша мақсаттар мен міндеттер айқындалды.

«2019 жылдың ағымдағы мерзімінде облыс аумағында полицейлер табиғатты қорғау заңнамасы бойынша 785 бұзушылық анықтады. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу бойынша 32 дерек, орман өнімін ұрлаудың 15 дерегі, балық ресурстарын заңсыз аулау және олардың өнімдерін айналымға жіберу жөнінде 8 дерек анықталды», - деп мәлім етті құқық қорғау органдары.

Өңірде табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 716 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 340 адам - балық аулау ережесін бұзған, ал 378 азамат - заңсыз аң аулаумен айналысқан. Оларға 4 396 356 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді департаменттен.

Жасқайрат Қайыров полицейлерге Павлодар облысының жағалаудағы тұрғындарының арасында жануарлар және өсімдік әлемі нысандарын қорғау заңнамасының әрекеттегі нормаларын түсіндіру шараларын өткізуге және браконьерлікпен күрес жөніндегі бекітілген жұмыс жоспарын жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT