+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Павлодар облысында 69 ауылдың ауызсуы талапқа сай емес

2019 жылғы 20 қыркүйек 09:20
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында 69 ауылдың ауызсуы талапқа сай емес

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында ауызсуы тұтынуға жарамсыз 69 ауыл бар. Жыл соңына дейін оның 9-ында жағдай түзеледі деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ирина Сорокина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«2018 жылы өңірдегі барлық ауылдық жерлерде ауызсудың сапасын тексеруді қолға алдық. Нәтижесінде 85 ауылдық жердегі судың сапасы талапқа сай келмеді. Яғни, үлкен ұңғымалар мен жеке құдықтар тексерілді. Бүгінде ауызсудың сапасы нашар 69 ауыл бар. Залалсыздандыру жұмыстары жасалуда. Кейбір жерлерде тек сүзгілерді ауыстыру қажет болды. Жыл соңында 60 ауыл қалады деген ойдамыз. 5 ауылдан тұрақты түрде сынама алып отырамыз. Өйткені, су ылғи өзгеріп отырады. Кейде таза, кейде талапқа сай болмай шығады. Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен бірге жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Су сапасын жақсарту үшін тиісті шаралар жасалуда», - деді Ирина Сорокина.



Оның айтуынша, өңірдегі су құбырлары да бактериологиялық көрсеткішке байланысты тексерістен өтіп тұрады. 94 су құбыры бақылауда. 230 сынама алынып, 9-ы талапқа сай келмеген.

«Сонымен қатар, су қоймаларынан сынамалар алып отырамыз. Бұлар демалыс орындары. Бұнда судағы вирустарды анықтау бойынша шаралар атқарылады. Судағы вирустардан адамдар циррозды менингитпен ауыруы мүмкін. Ол туралы бұдан бұрын да айтылды. Ол – уақытша аурулар. Биыл циррозды менингиттің 37 оқиғасы тіркелді. Бұл – қарапайым маусымдық көрсеткіш», - деді ол.

Айта кетейік, биылғы шомылу маусымында су қоймаларынан 200-ден астам сынама алынып, Павлодар қаласындағы жағалау маңынан 5 сынама талапқа сай болмай шыққан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT