Павлодар облысында 5 мың адам жауапкершілікке тартылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Полиция инспекторлары «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 52 мыңнан аса пәтер мен 35 мыңнан астам жеке тұрғын үйді тексеріп шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полиция инспекторлары тұрғылықты орны бойынша 2 мыңнан аса есепте тұрған адамды тексерді. Қосымша 391 адамды есепке қойды. Пәтерлерді тексеру кезінде азаматтық қару иелері басты назарға алынды»,- дейді департаментте.

Себебі қолданыстағы заңнама өзгерістеріне сәйкес азаматтық қаруды сатып алу және сақтау үшін пәтерде күзет дабылы немесе атыс қаруын сақтауға арналған сейфте дабыл белгісі орнатылуы тиіс. Нәтижесінде 7007 азаматтық қару иесі тексеріліп, қару сақтау ережесін бұзудың 231 фактісі анықталған. Сақтау ережесін бұзғаны үшін 57 бірлік қару алынды. Сондай-ақ бес мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 223-і отбасында жанжал шығарған, 254-і ұсақ бұзушылық жасаған және 614-і алкогольдік ішімдік тұтынған.

 Аталмыш шара ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар