Павлодар облысында 4 жанармай бекетіне 40 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жанар-жағармайдың бөлшек саудасын жүзеге асыратын компанияларға қатысты тексеру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат монополияға қарсы орган қызметіне сілтеме жасап.

«Жанар-жағармайдың бөлшек саудасын жүзеге асырушы нарық субъектілеріне жанар-жағармай бағасын белгілеу мен оны ұстап тұруда бесекелестікке қарсы әрекеттерге жол беру жағдайына қатысты тексеру жұмыстары аяқталды»,-деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша, Павлодар облысындағы ең ірі деген 4 жанар-жағармай бекетінің иелеріне қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. Әкімшілік істің материалдары қарау үшін Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Материалдар бойынша салынуы мүмкін айыппұлдың көлемі монополиялық кірісті қоса алғанда 40 382 788 теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар