Павлодар облысында 4 балабақша карантинге жабылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 4 балабақша карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні облыс көлемінде балабақшаға баратын балалар арасында КВИ-дің 77 жағдайы және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері арасында 54 жағдай тіркелді.⠀

Павлодар қаласында 22 желтоқсаннан бастап №23 балабақша жабылды. Кіші топтың тәрбиешісінде және екі баладан коронавирус анықталды.

Сондай-ақ Екібастұз қаласындағы №20 балабақша карантинге жабылды, мектепалды даярлық тобындағы балалар арасында 2 жағдай тіркелді.

«Ақсу қаласында «Балапан» балабақшасы (27 желтоқсанға дейін) мен № 2 балабақша (24 желтоқсанға дейін) карантинге жабылды: әрбір мектепке дейінгі мекемеде КВИ екі жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта балалар дәрігерлердің бақылауында», - делінген Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратын да.


Соңғы жаңалықтар