+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Павлодар облысында 3,5 мыңнан астам отбасы АӘК алды

2020 жылғы 5 сәуір 03:13
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында 3,5 мыңнан астам отбасы АӘК алды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында кепілдендірілген әлеуметтік пакетті 4 028 бала алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетов онлайн-брифингте мәлім етті. Оның айтуынша, жыл басынан бері облыста 3533 отбасыға жалпы сомасы 365,8 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтарынан бастап АӘК алушы отбасылардағы бір жастан алты жасқа дейінгі балалар азық-түлік жиынтығы мен гигиена құралдарынан тұратын кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтылады. Осылайша, бүгінде 4028 бала әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген. Бұл ретте ай сайын берілетін бір азық-түлік жиынтығының құны 4707 теңгені құрайды. Ал, 1750 теңгеден тұратын тұрмыстық химия жиынтығы тоқсанына бір рет беріледі.

Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар 6445 көп балалы отбасы республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы алуда (облыста бұл отбасыларда барлығы 28 895 бала бар). Қазіргі уақытта аталған төлемдердің жалпы сомасы 302,9 млн теңгені құрады. Осылайша, мұндай отбасылардың әрқайсысына орта есеппен 47 300 теңге төленді.

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, халықты жұмыспен қамту орталықтары АӘК тағайындаудың келесі тәртібін орындайды. Егер қызмет алушы АӘК алушы тұлға болса, онда жаңа мерзім үшін АӘК өтінішсіз автоматты түрде тағайындалады. АӘК-ті тағайындауға алғашқы өтінім болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтініш «Электрондық үкіметтің» egov.kz веб-порталы, «Telegram Bot» мессенджері (ұялы байланыс) арқылы жіберіледі. Учаскелік комиссия байланыс құралдарын пайдаланып тексеріс жүргізеді», - деді Қайрат Нұрмағамбетов.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT