Павлодар облысында 2022 жылы суармалы жер көлемі 4 есеге көбейеді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Ақсудың елдімекендеріне жасаған сапарында Ертіс өңірінің 5 жылға арналған суармалы жер көлемін арттыру бойынша кешенді жоспарын таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Суармалы жер көлемін дамыту жоспары Евгеньевка ауылдық округіндегі суармалы жерлерінің арқасында облыстағы дамушы және өнімді серіктестіктердің қатарына енген «Тимур» ШҚ-да фермерлерге арналған жиында таныстырылды.


Бүгінгі күнде «Тимур» ШҚ қолданып отырған 2000 гектар жердің 850-і сауармалы. Картоптың өнімділігі тұрақты. Гектарынан 450-500 центнер картоп, мың центнерге дейін сәбіз алады. 2011 жылы ШҚ құны 250 млн теңгелік көкөніс қоймасын салған. Соңғы екі жылда қосымша 5 мың тоннаға арналған тоңазытқыш және жуу мен қалталау цехын іске қосты. Жалпы, соңғы 7 жылда шаруашылық өзінің дамуына 2,5 млрд теңге инвестиция құйды. Кеңес заманына қалған 75 мың гектар суармалы жердің бүгінде 65 пайызға жуығы пайдаланылады. Бұрынғы деңгейге жету үшін тағы 20 мың гектарды игеру керек.


«Павлодар облысын өндірістік өңір ретінде санау қалыптасқан, - деді Болат Бақауов. - Бірақ бізде аграрлы сала да дамуда. Облысымызда 1,2 миллион гектар жерге түрлі тұқым себіледі. Суармалы салаға ерекше назар аударамыз. Мысалға Ертіс ауданының жақсы жерлерінің 60 мың гектарына астық себетін және Ақсудың елдімекенінде мың гектар суармалы жер пайдаланатын кәсіпкерлікті келтіруге болады. Экономикалары бірдей. Бұны әр шаруашылықтың иелеріне және жаңа бастап жатқан фермерлерге түсіндірдік. Біз суармалы жерді дамыту бойынша Қазақстанда пилоттық жоба болатын 5 жылдық жоспар құрып қойдық. Қазіргі кезде әр ауданнан 7-ден 20 гектарға дейінгі жер танабын таңдап қойдық. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы жеткізетін инженерлік инфрақұрылымның жобасын дайындаймыз. Содан кейін қаржыны, техниканы тағы басқаларын қайдан алатынымызды анықтаймыз. 5 жылдың ішінде біз суармалы жердің көлемін 4 есеге арттыру керекпіз. Суармалы жермен қатар мал шаруашылығы да дамитын болады».

Айта кетейік, Ақсудың елдімекені арқылы Ертіс, Белая өзендері және Ертіс-Қарағанды каналы өтетіндіктен аумақта суармалы алқапты кеңейту үшін барлық жағдай жасалған.

Соңғы жаңалықтар