Павлодар облысында 200 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды

None
None
НҰР-СЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Қазына» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыстық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Павлодар облысының аумағында тіркелген шаруа қожалықтары Ресей Федерациясынан ірі қара мал сатып алу үшін «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттен жалпы сомасы 233 млн. теңгеге субсидия алғандығы анықталды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің ҚМК баспасөз қызметі.

Субсидиялар алу өтінімдеріне және ірі қара малын сатып алу-сату шарттарына сәйкес 2018-2019 жылдары облыс агрокәсіпкерлері РФ кәсіпорындарынан «Герефорд» тұқымды 1447 бас ІҚМ сатып алып, ҚР-на әкелген. Алайда, РФ уәкілетті органдарының мәліметі бойынша, ірі қара малының эскпорты қазақстандық бірқатар шаруа қожалықтарына қатысты жүзеге асырылмаған.

Тінту жүргізу барысында мөрлер (оның ішінде РФ уәкілетті мемлекеттік мекемелерінің мөрлері), кеңсе жабдықтары, ақша қаражаттары, бухгалтерлік және басқа да құжаттар тәркіленіп алынды.

«Күдіктілердің әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 4-б. сәйкес бағаланып, мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылыуы мүмкін. Бүгінгі таңда күдіктілер 96 млн. теңгеден астам сомада келтірілген залалды республикалық бюджетке өтеді. Тергеу амалдары жалғасуда»-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар