Павлодар облысында 200-ден астам мектепте асық ойыны үйірмелері ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірде «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған түлектер жергілікті атқарушы орындарда жұмысқа орналастырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысында «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан мың жарымға жуық жас «Рухани жаңғыру» бағдарламасына белсенді қатысып, аймағымыздың өсіп-өркендеуіне үлестерін қосып жатыр. Оқу орнын аяқтаған олардың көпшілігі облыста қалуға ниет білдіруде. Өткен жылы оқу орындарын аяқтаған 67 жас түлектің он екісі туған өлкелеріне оралса, 55-і өңірімізде қалды. Біз оларды жергілікті атқарушы органдар арқылы жұмысқа орналастырдық», - деді облыс әкімі Болат Бақауов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ өңір басшысы «Рухани жаңғыру» бағытында облыстың жоғары оқу орындары нәтижелі жұмыстар атқарып жатқандығын тілге тиек етті.

«Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті ХІХ ғасырдың тарихи тұлғасы - Сұлтанбет Сұлтанның тарихи ордасын қайта қалпына келтірді. Қазіргі таңда бұл кешенде археологиялық зерттеу орталығы жұмыс жасайды. Бұған қоса, Павлодар облысынан шыққан 100 тарихи тұлға туралы танымдық кітаптар, өлкетану бағыты бойынша ғылыми монографияларды жарыққа шығару жоспарда бар. Осы бағытта жүзеге асып жатқан жобалардың бірі - облыс оқушылары арасындағы асық ойыны. Асық ойыны бойынша үйірмелер 200-ден астам мектепте 4 мыңға жуық баланы қамтыды», - деді Болат Бақауов.

Сонымен қатар, «Мектебіме тағзым» шарасы аясында облыс мектептерінің 765 түлегі 163 млн теңге көмек көрсеткен.

«146 роботтехника кабинеттері жасақталды. Осы жылдың басты жобаларының бірі - «Рухани жаңғыру» кабинеттерінің ашылуы болды. Кабинеттерде аталмыш бағдарламаның барлық бағыттары көрініс тапты», - деп атап өтті облыс әкімі. 

Соңғы жаңалықтар