Павлодар облысында 2 жасар бала жұмбақ жағдайда қайтыс болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Красноармейка ауылында дәрігерлер жеткенше сәби қайтыс болып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға облыс орталығынан 26 км қашықтықтағы Павлодар ауданының Красноармейка ауылында болды.

Жедел жәрдем қызметі өкілдерінің мәліметтері бойынша, 2016 жылы туған ұл бала синтипон материалынан тігілген жамылғыға оралған. Медицина мамандары келгенше сәбидің тұншығып мерт болғаны хабарланды.

Оқиға үйде болған. Қайғылы оқиға туралы өзге мәліметтер жарияланбай отыр.

Соңғы жаңалықтар