Павлодар облысында 19 жастағы жігітті құм басып қалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылында 19 жастағы жігітті құм басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілде күні сағат 15.40-та ЖШС-нің 19 жастағы жұмысшысын құм басып қалған.

- Жігіт су құбырларын тартып жатқан, - дейді ведомствода.

Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар