Павлодар облысында 19 анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 19 көп балалы анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

8 наурыз қарсаңындағы салтанатты жиын Естай атындағы мәдениет сарайында өтті. Жиында өңірдің дамуына үлес қосқан әйелдер де марапатталды. Мереке иелеріне арналып сарайдың кіре берісінде әйелдердің ұлттық әшекейлері және павлодарлық суретшілер салған әйелдердің портреттерінен көрме қойылды.

Жиналған әйелдер қауымын құттықтаған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов нәзік жандылар қай салада да қиын міндеттерді атқарып жетістікке жетіп жүргендерін атап өтті.

«Біздің қоғамда әйел деген - отбасын ғана ойлайтын тұлға емес, мемлекеттік қызметте, қоғамдық жүмыста, кәсіпкерлікте, білімде, денсаулық сақтау және өзге де салада белсенді жандар. Сіздерді өмір сүруге деген құлшыныстарыңыз бен көздеген мақсаттан таймауға тырысуларыңыз ерекшелендіреді. Таңқаларлығы көпшілігіңіз мейіріммен баланы тәрбиелеу, үйдің көптеген мәселелерін шешу, жұмысқа да үлгеру, қоғамдық шараларға белсенді араласудың бәріне үлгеріп жатасыздар», - деді облыс әкімі.

Павлодар облысының көпбалалы аналарына өңір басшысы ерекше алғыс білдірді. 19 ана «Алтын алқа» мен «Күміс алқаға» ие болды.

Сонымен қатар, облыс әкімі ауыр өнеркәсіпте, денсаулық сақтау мен білім беру саласында, мемлекеттік қызмет және өзге де салаларда еңбек еткен әйелдерге алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыстады.

Кешті «Анашым» әнін орындайтын Марат Омаров, Бейбіт Күшқалиев және «Меломен» тобы сынды қазақстандық танымал музыканттар өнер көрсеткен бір жарым сағаттық концерт жалғастырды.

Сахнада тек жұлдыздар ғана ән айтып қана қоймай, кәсіби емес әртістер де өнер көрсетті.

Мысалы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычко домбырамен Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін шертті.

Ал, кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Дастан Рыспеков пен дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев ән салды.

Соңғы жаңалықтар