Павлодар облысында 18 жастағы студент көлге батып кетті

None
None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Екібастұздағы сүңгуірлер Торайғыр көлінен елордада ЖОО-да оқитын 18 жастағы студенттің денесін алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайғылы оқиға кеше Торайғыр көлінде болған. Жас жігіттің арнайы жабдықталмаған жағажайда суға шомылып жүріп батып кеткені туралы хабарлама ТЖ департаментіне сағат 14:20-да келіп түсті. Сағат 14:40-та оның денесін табу үшін Екібастұз қаласынан сүңгуірлер тобы жіберілді. 17:05-те олар жігіттің денесін судан алып шықты» делінген Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қаза тапқан жігіт – Баянауыл ауданындағы Лекер ауылының тұрғыны. Ол Нұр-Сұлтан қаласының Аграрлық университетінде оқыған. Көлде достарымен бірге демалып жүрген.

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар