Павлодар облысында 10 көлік соқтығысып қалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасы жолдың нашар көрінуі салдарынан болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ребровка ауылының маңайында, Ленинский-Русская поляна автожолының 19-шы шақырымында жолдың нашар көрінуінен үш ауыр жүк көлігі және жеті жеңіл автокөлік соқтығысты», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Апат Ленинский-Иртышск тасжолында болды. Оның айтуынша, түрлі жарақат алған үш адам Павлодар қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілген.

Оқиға орнында Ақсу қаласының полиция бөлімшесінің жедел тергеу тобы, автокөліктерді ажыратып, жарақат алғандарды қауіпсіз жерге шығару мақсатында ТЖ бөлімшесінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.


Соңғы жаңалықтар