Павлодар облысынан 480 тоннадан астам бензинді еріткіш деп алып шығармақ болған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қаржы полициясы теміржол цистерналарынан 480 тоннадан астам жанар-жағармай материалдарын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Аумақтық экономикалық тергеу департаменті Қазақстаннан Ресей Федерациясына заңсыз шығарылмақ болған 480 тоннадан астам АИ-92 бензинін тәркіледі.

«Жанар-жағармай материалдары теміржол цистерналарында еріткіш деп шығарылмақ болған», - делінген Экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында.

Тәркіленген жүктің жалпы сомасы – 2,8 миллиард теңге.

Аталмыш факті бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар