Павлодар облысына көбінесе қай өңірлерден көшіп келеді

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық статистика департаменті аймаққа өзге мемлекеттен 497 адам көшіп келгенін мәлімдеді. Оның ішінде ТМД елдерінен 427 адам (82,9% Рессейден келген), ал әлемнің басқа елдерінен 70 адам көшіп келді (47,1% Моңғолиядан, 24,3% Германиядан), деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өндеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,9% азайып, 6386 адамды құраған. Қазақстанның басқа өңірлерінен 5889 адам Павлодар облысына көшіп келді, олардан 1647 адам (28%) – Нұр-Сұлтан қаласынан, 930-ы (15,8%) – Шығыс Қазақстан облысынан», - деп жазды департаменттен.

Есепті кезеңде Павлодар облысынан республика шегіне 3352 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 2837 адам (98,2% Рессейге кетті), әлемнің басқа елдеріне 515 адам қоныс аударды (92,8% Германияға). Қазақстанның басқа өңірлеріне 8334 адам көшіп кетсе, 4363 адам (52,4%) – Нұр-Сұлтан қаласына, 893 адам (10,7%) Алматы қаласына қоныс аударды.


Соңғы жаңалықтар