Павлодар облысына Германиядан 63 адам көшіп келді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысына сыртқы көші-қон бойынша 337 адам қоныс аударған. Оның ішінде ТМД елдерінен - 274 адам, Германиядан 63 адам көшіп келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтер бойынша 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 4990 адам болған. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 10% азайып, 9278 адамға жетті.

«Қазақстанның басқа өңірлерінен 4653 адам бізге көшіп келді, олардан 1061 адам (22,8%) - Астана қаласынан, 909 (19,5%) - Шығыс Қазақстан облысынан», - дейді облыстық статистика департаментінде.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында өңірден 3502 адам көшіп кетті. Соның ішінде ТМД елдеріне 3184 адам (98,4% Ресейге кетті), әлемнің басқа елдеріне 318 адам (92,8% Германияға) қоныс аударды. Қазақстанның басқа өңірлеріне 5776 адам көшіп кетті, олардан 2731 адам (47,3%) - Астана қаласына, 608 адам (10,5%) - Шығыс Қазақстан облысына. 2018 жылғы 1 қазанда өңірдегі халық саны 753940 адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 532172 адам (70,6%), ауылдықтар - 221768 адам (29,4%). 2017 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 1384 адамға немесе 0,2% азайған. Ерлер саны 356813 адам болса (47,3%), әйелдер саны -397127 (52,7%).

Соңғы жаңалықтар