Павлодар облысына 10 күннен кейін менингитке қарсы вакцина жеткізіледі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысына он күннен кейін менингитке қарсы вакцина жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда облыста менингитке қарсы екпені ешкім алып жатқан жоқ», - деп хабарлады бүгін Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Ведомствоның дерегі бойынша, қазір денсаулық сақтау басқармасына қарасты қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірге ведомствоаралық штаб құрылып, менингококк инфекциясының таралуын ескерту бойынша іс-шаралар жоспары жасалған.

«Облыстың медициналық ұйымдары менингококк инфекциясы эпидемиясына дайын. Облыста, Қазақстан Республикасындағыдай эпидемия жоқ», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұл инфекцияға қарсы вакцинаның құны 21 035 теңге. Оны Алматы қаласынан «Медсервис плюс» ЖШС жеткізеді. Вакцинацияны Павлодар қаласындағы №2 емханасында жүргізеді.

Еске салайық, 2018 жылдың басынан бері Павлодар облысында менингитпен екі бала науқастанып, екеуі де ем қабылдап, жазылып кеткен. 

Фото: iwantings.com

Соңғы жаңалықтар