Павлодар облысы жұртшылығы ауыл әкімінің жұмысына наразылық танытуда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының арнайы мониторингтік тобы Ленинский ауылы тұрғындарының әкімнің жұмысына қатысты шағымын естіп, қазан айында өзгерістерді бақылау үшін қайта оралуға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Ленинский ауылының жұртшылығының бастамасымен облыстық арнайы мониторингтік топ көшпелі отырыс өткізгенін хабарлады.

«Ленинский ауылы тұрғындарының сауалдарына әкім жауап берді. Оның сөзінен белгілі болғандай, ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланбаған және заңды түрде әрекет еткен. Ал облыстық мониторингтік топтың өкілдері жергілікті билік пен халық арасында түсініспеушілік болғанын жеткізді. Халықтың сөзіне құлақ асып, олардың көңіл-күйіне мән берген жөн. Соған қарай қажетті шаралар ұйымдастыру керек. Олар әкімдікте жұмыс жасамайды, мемлекеттік қызметкерлер де емес, сондықтан түсінбей жатулары мүмкін», - деді Павлодар облыстық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Алма Қозбаева.

«Азаматтық сектордың жергілікті белсенділері ауыл әкімінің жұмысына көңілдерінің толмайтынын білдірді. Кездесу нәтижесі бойынша арнайы мониторингтік топтың мүшелері ауылға келесі жылдың қазан айында қайта оралып, орын алған өзгерістерге бақылау жүргізуге уәде берді», - деді департаменттегілер.

Соңғы жаңалықтар