Павлодар облысы тұрғынының қорасынан газ тапаншасы мен револьвер табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы тұрғынының қорасынан жасырылған газ тапаншасы мен револьвер табылды. Қаруларға баллистикалық сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустамбек Ықсын айтты.

- Жергілікті полиция инспекторы ауыл тұрғындарының бірінің сарайынан тиісті құжаттарсыз сақталған 8 мм калибрлі ME 8 DETEKTIVE маркалы газ тапаншасын және RECK - COBRA газ револьверін тапты, - деді Рустамбек Ықсын.

Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ақсу қаласының полицейлері Б.Момышұлы көшесінде 44 жастағы ер адамды ұстап, одан 5,45 мм калибрлі екі патрон тәркіледі. Оның не үшін және қандай мақсатта оқ-дәріні алып жүргені тексеру кезінде белгілі болады.

Өңірде 2021 жылдың 17 маусымына дейін «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.



Соңғы жаңалықтар