+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Павлодар облысы Қазақстандағы көмірдің 60 пайызын өндіреді

2019 жылғы 25 тамыз 19:33
Бөлісіңіз:
Павлодар облысы Қазақстандағы көмірдің 60 пайызын өндіреді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінде жыл басынан бері тас көмір және лигнит 73,4 млрд теңге сомасында өндірілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда жылу беру маусымы 28 қыркүйекте басталады Қазақстанда көмір бағасына қатысты тексеру жүреді Еліміздегі энергия көздері қоймаларында қанша көмір жиналды

Облыстық статистика департаментінің мәлімдеуінше, 2019 жылғы қаңтар-шілдедегі тас көмір және лигнит 73,4 млрд теңге сомасында өндірілді. Ол жалпы облыс өнеркәсібі көлемінде 6,5 пайызды құрайды.

- Көмір өндіру бойынша Павлодар облысы республикада бірінші орында (38 млн тонна). – деді департаментте. – Мемлекетіміздің жалпы көмір өндірісіндегі (62,4 млн. тонна) Павлодар облысының үлес салмағы 60,8 пайыз.

Келесі кезекте Қарағанды облысы – 32,9 пайыз және Шығыс Қазақстан облысы – 6,1 пайыз. Биылғы қаңтар-шілдеде көмір және лигнит өндірісіне салынған инвестиция 12,9 млрд теңгені құрады. Бұл - былтырғы сәйкес кезең деңгейінен 2,1 есе төмен көрсеткіш.

Айта кетейік, 2019 жылғы қаңтар-маусымда көмір өнеркәсібі жұмысшыларының облыстық орташа айлық еңбекақысы 216005 теңгені құрады, бұл - республикалық көрсеткіштен 19,9 пайызға (269604 теңге) төмен және облыстың өнеркәсібі еңбекақысынан 10,6 пайыз жоғары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT