Павлодар облысы Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыруда көш бастап отыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы республикалық рейтингте көшбасшы позицияларды ұстап отыр: Индустрияландыру картасы жобалары экспортының көлемі бойынша - 1 орында (485 млрд. теңге), жобаларға салынған инвестициялар көлемі бойынша - 2 орында (274,4 млрд. теңге), Карта жобаларының абсолюттік көріністегі өндіріс көлемі бойынша - 3 орында (678 млрд. теңге), енгізілген жобалардың саны бойынша - 4 орында (68 жоба).

Бұл туралы бүгін әкімдікте өткен кеңес қатысушыларға индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров баяндады.

Индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығының барысында облыста жалпы сомасы 274,4 млрд. теңгеге 68 жоба іске қосылып, 5,5 мыңға жуық жұмыс орны құрылған. ҮИИД МБ іске асыру кезеңінде кәсіпорындар қуаттылықтың 90 пайызын жүктеумен бірге 678 млрд. теңгеге өнім шығарды, бұл облыстағы өнеркәсіптің дамуына айтарлықтай серпін берді.

Ә.Әбдіқадыровтың айтуынша, Индустрияландыру картасына екінші бесжылдыққа инвестициялар көлемі 1,2 трлн. теңге болған, алты мыңға жуық жұмыс орнын құру көзделген 24 жоба енгізілді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша үш жоба енгізіліп үлгерді - «Нефтехим LTD компаниясы» (Павлодар) ЖШС полимер бұйымдарының өндірісі бойынша жыл соңына дейін жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге 20,5 млн. дана өнім шығарады. Екінші жоба - «Павлодарэнерго» АҚ-дағы ЖЭО-3 турбинасы. Мұнда жылдың соңына дейін жалпы сомасы 576 млн. теңгеге 76 млн. 800 мың кВт/сағ өндіру жоспарланып отыр. Енгізілген үшінші жоба - «R.W.S. Concrete» ЖШС-де (Екібастұз қаласы) темірбетон діңгегін шығару, онда жылдың соңына дейін 235,2 млн. теңгеге өнімнің 100 жиынтығы шығарылмақ.

Биылғы жылы сондай-ақ тағы үш жоба пайдалануға енгізілмек: бүкіл индустрияландыру бағдарламасының ірі жобаларының бірі Бозшакөл КБК, инвестициялар көлемі - 406 млрд. теңге, 1,5 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр («Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС).

Соңғы жаңалықтар