Павлодар облысы Астанада екінші мәрте жәрмеңке өткізіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне облыстың барлық өңірлерінен'100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық құрылымдары қатысуда. Бұл жолы Павлодардан 150 млн теңгенің 541 тонна өнімін әкелінді. Оның ішінде 55 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 120 тонна көкөніс және 146 тонна тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдері бар. 

«Бұған дейінгі өткізген жәрмеңке тәжірибесі көрсеткендей павлодарлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өнімі астаналықтарға үлкен сұранысқа ие және барлық өнімдер толығымен өтеді. Әсіресе елордалықтарға ет, соның ішінде Баянауылдан жеткізілген етке сұраныс жоғары, сол сияқты картоп және көкөніс кеңінен танымал. Бағаға келсек нарықтан төмен деп айтуға болады. Осы жолғы жәрмеңкеде 20 мыңнан астам адам келеді деген үміттеміз», - деді Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

nullЖәрмеңкеде облыстан  бөлек республикаға танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сағып» ШҚ, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Қызылжар- Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай АГРО» ЖШС секілді кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынуда.

«Қазақстан» спорт кешенінің жанында өтіп жатқан екі күнге созылатын жәрмеңке аясында елордалықтарға мерекелік бағдарлама ұйымдастырылуда.null

Айта кетейік, аталған облыстың бұған дейін өткен жәрмеңкесінде 110 млн теңгенің 465 тонна өнімі жеткізілген болатын.nullnull

Соңғы жаңалықтар