Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Динара Шаймұратова Павлодар облысы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Динара Шаймұратова 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы технология және бизнес университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдап, 2017 жылы қаржы академиясында экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысының салық органдарындағы қызметтерден бастады. 2000–2004 ж.ж. Қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істеді. Осыдан кейінгі 17 жыл ішінде Динара Шаймұратова ҚР Қаржы министрлігінде еңбек етіп, онда бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі мен ішкі қаржы әкімшілік департаментінің басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бастап бүгінгі тағайындалуына дейін ҚР Қаржы министрлігінің жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментін басқарды.
- Бірнеше рет атылған оқ даусы жұрттың зәресін ұшырды –Павлодар
- Пандемия кезінде тұрғындардың тауға баруы төрт есеге артты — Бақытжан Сағынтаев
- Павлодар облысындағы Қарасу өзенінде балық қырылды
- Биыл Нұр-Сұлтанда 7 мың үлескер баспаналы болады
-
Павлодар облысында майнингтік компанияда өрт шықты
-
СҚО-да өткен тәулікте 6 жол учаскесін су басты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам