Павлодар облысы әкімінің жаңа аппарат басшысы тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –Павлодар облысы әкімінің жаңа аппарат басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін өңірлік қаржы басқармасына жетекшілік еткен Нұрлан Шайхсләмұлы Дүйсенбинов келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов аппарат басшысын таныстырып, оның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесін атап өтті. Сондай-ақ жемісті қызмет етуін тіледі. ⠀

«Қоғамда өзгерістерге деген үлкен сұраныс бар және біз өзімізден, осы аппараттан бастауымыз керек. Халықпен байланыс жүйесін ретке келтіруіміз қажет. Азаматтардың арыз-шағымдарын қарастыруға да үлкен назар бөлген жөн. Бұл мәселеде формализмге жол берілмеуі керек. Бұдан бөлек, әкім аппаратының трансформациясы бойынша ұсыныстарды күтемін. Себебі, бүгінгі жағдайда бұрынғыдай жұмыс істеуге болмайды»- деді Әбілқайыр Сқақов. ⠀

Аппарат басшысы қызметінен босаған Ағыбай Әмірин Павлодар облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істейтін болады. Әбілқайыр Сқақов оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Құрмет грамотасымен марапаттады. ⠀ Нұрлан Шайхсләмұлы Дүйсенбинов 1973 жылы Павлодарда өмірге келген. 1994 жылы Қарағанды кооператив университетін, ал 2003 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмәмдаған. Экономист және заңгер квалификациясы бар. ⠀

Еңбек жолын 1994 жылы «Игілікбанктың» Павлодар филиалында бастаған. 1997 жылы Павлодар қаласы Ильичев ауданының Салық комитетіне ауысады, ал 1998 бен 2003 жылдар аралығында Павлодар қаласы салық комитетінде түрлі дәрежеде қызмет атқарған.

Кейіннен Павлодар облысы Салық комитеті бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалады. 2005 жылы Павлодар қаласы Салық комитеті төрағасының орынбасары, ал 2014-2016 жылдары Павлодар облысы бойынша тексеру комисиясының төрағасы болған. ⠀

2016 жылдан 2017 жылға дейін Нұрлан Дүйсенбинов Ақсу қаласы әкімі болған.

2017 жылдың қарашасында облыстық қаржы басқармасының басшысы қызметінде жаңа тағайындалуына дейін жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар