Павлодар облысы әкімінің бір орынбасары қысқарып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Павлодар облысы әкімі орынбасарларының саны азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 тамыздан бастап Павлодар облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Динара Шаймұратова 2021 жылы сәуір айында тағайындалған лауазымынан босатылды.

Осылайша Павлодар облысы әкімінің үш орынбасары - О.Крук, А.Құрманова және М.Өтешов қалды.

Бұған дейін 2022 жылдың наурыз айында аймақ басшысы орынбасарларының саны бесеуден төртке дейін қысқарған еді.

Сонымен бірге, өткен жылы штат саны лимитін қысқарту барысында 10 ауданның әкім орынбасарлары мен 15 облыстық басқарма басшысының бір орынбасары лауазымы алынып тасталған еді.

2021 жылы Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілердің штаты 15% қысқарды.

Соңғы жаңалықтар