Павлодар облысы әкімінің бесінші орынбасары тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің бесінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ол Әлия Арынова. Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша, өңір басшысының орынбасарларының саны облысты дамытудың перспективалары мен өңірдің экономикалық әлеуетін ескере отырып, ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде көбейтілген.

«Әлия Арынова экономика, бюджет саясаты, мемлекеттік жоспарлау, инфляциялық саясат, мемлекеттік активтерді басқару мен коммуналдық меншік мәселелерін басқаратын болады. Ол сонымен қатар мемлекеттік сатып алулардың мониторингімен, мемлекет пен жекеменшік салаларын дамытумен айналысады»,-деп таныстырды әкімнің жаңа орынбасарын облыс басшысы Болат Бақауов.

«Меніңше, бұл өте жауапты бөлік. Барлық қалалар мен аудандардың әкімдерінің бюджеттерін айқын түсіну қажет болады. Жыл соңына дейін қол қойылған меморандумдардың мақсатты индикаторларына, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына және өзге де көптеген мәселелерді қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар коммуналдық автивтерді басқарудың тиімділігін арттыру бағытында да жұмыстар жүргізіп, мемлекеттік-жекменшік әріптестігі негізінде жобаларды жүзеге асыруды қолға алу қажет»,- деп қосты өңір басшысы.

Әлия Арынова еңбек жолын 1998 жылы Павлодар облыстық Экономика департаментінің бас маманы қызметінен бастаған. Одан кейінгі жылдар Павлодар облысы әкімдігіне көптеген жауапты және басшылық қызметтерде болды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін ол Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар