Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мейрам Бегентаевтың орнына әкім орынбасары лауазымына Асхат Оралов тағайындалды. Облыс әкімдігінде өткен отырыста өңір басшысы Болат Бақауовтың айтуынша, Мейрам Бегентаев басқа жұмысқа ауысқан.

Асхат Оралов бұған дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

«Әлеуметтік блоктың жауапкершілігі мол. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мәселелеріне азаматтар үнемі алаңдап болып отырады. Қызметіңізге сәттілік тілеймін», - деді Болат Бақауов.

Асхат Оралов 1990 жылы туған, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Философия докторы (PhD).

Еңбек жолын 2011 жылы ЕҰУ-да бастаған. 2014-2016 жылдары Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2018 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры болып істеген.

Соңғы жаңалықтар