+7 (701) 759 90 19
USD 425.49 EUR 512.84
RUB 5.63 CNY 64.83
Jańalyqtar

Павлодар облысы әкімдігінің басшылығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр – баспасөз қызметі

2020 жылғы 16 қаңтар 12:21
Бөлісіңіз:
Павлодар облысы әкімдігінің басшылығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр – баспасөз қызметі

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі өңір әкімшілігі басшылығының қалыпты жұмыс істеп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің басшылығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі орнында емес, бірақ ол жұмыс бабы бойынша қалада жүр», - деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Таңертең ол Инвесторлар үйінде жиналыс өткізуі керек еді, дейді өңір әкімшілігі.

«Бірақ жұмыс кестесіндегі өзгерістерге байланысты кездесуді оның орынбасары Арыстан Қабыкенов өткізді», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны және тергеліп жатқаны туралы ақпараттар тараған. Кеше облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT