Павлодар облысы әкімдігіне шабуыл жасау фактісімен 3 қылмыстық іс тергелуде

Фото:
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасау фактісімен 3 қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

Оның атап өтуінше, Павлодар облысы әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасау және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру фактісі бойынша 3 қылмыстық іс сотқа дейін тергеліп жатыр. 1 адамға қатысты тұтқынға алу түріндегі бұлтартпау іс-шарасы қабылданған. Қылмыстық істер одан ары тергелу үшін ҚР ҰҚК Павлодар облыстық департаментіне берілген.

«Бұзақылардың қылмыстық іс-әрекеті салдарынан облыс әкімдігіне келген шығын 2 млн теңгеден асып жығылады», - деді Рашад Өтеуов.

Айта кетерлігі, қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар, азаматтық тұлғалар, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қаза тапқан жоқ. Облыс аумағында дүкендерді тонау, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлау, тонау, шағын және орта бизнес нысандарын қирату фактілеріне жол бермеді.


Соңғы жаңалықтар