Павлодар облысы әкімдігінде жаңа тағайындаулар болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімдігінің екі басқармасына жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Рахметола Қасқырбаев тағайындалды, ал Сәулет және қала құрылысы басқармасын Серік Әбдірахманов басқаратын болды.

Рахметола Қасқырбаев 1960 жылы туған. 1985 жылы Павлодар педагогикалық институтын «Дене тәрбиесі мұғалімі» мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік басқару бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1977 жылы Павлодар трактор зауытында автоматты желі операторының оқушысы ретінде бастады. Әскерде қызмет еткеннен кейін темір-бетон бұйымдары зауытында слесарь-желдеткіш болып жұмыс істеді. 1985 жылы педагогикалық білім алып, Путь Ильича ауылындағы мектепте дене тәрбиесінен сабақ берді. 1988-1997 жылдары Калинин орта мектебінің директоры болды. 1997-2002 жылдары Павлодар қаласының № 17 орта мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі болды. 2002-2005 жылдар аралығында облыс орталығының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары ретінде мемлекеттік қызметке келді. 2005-2006 жылдары Павлодар қаласы білім және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 2006-2014 жылдары облыс орталығының дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарды. 2014-2020 жылдар аралығында «Ертіс» МКҚК, Павлодар қаласының өңірлік дене тәрбиесі оқу-практикалық орталығы және Павлодар қаласының олимпиадалық резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі сынды спорт мекемелерінде басшылық қызметтер атқарды.

Серік Әбдірахманов 1984 жылы туған. 2006 жылы елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Сәулетші» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006-2014 жылдары жеке құрылымдарда, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2014 жылы астананың Сәулет және қала құрылысы басқармасына мемлекеттік қызметке келді. Алты жыл бойы осы ведомство басшысының міндетін атқарушы және әртүрлі бөлімдердің басшысы болды.


Соңғы жаңалықтар