Павлодар облысы әкімдігінде кадрлық тағайындаулар болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Мұрат Әбілқалықов тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылуын, энергия сақтау және цифрландыру салаларындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелерін бақылауға алу қажет. Жұмыс өте көп, сондықтан осы салалар сіздің назарыңызда болуы тиіс», - деді Б.Бақауов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Болат Бақауов Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Күзеков пен облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалған Мұқанов Саянды таныстырды.

Мұрат Әбілқалықов 1988 жылы дүниеге келген. «Жылу энергетикасы» және «Экономика» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. 2009-2014 жылдар аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті электр энергетикасын дамыту басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді. 2014 жылғы қаңтар – 2015 жылғы шілде аралығында Павлодар облысы энергетика басқармасы энергоменеджмент бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

Жаңа тағайындауға дейін Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Оған дейін бұл ведомствоны жақында ғана Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалған Ержан Иманзайыпов басқарған еді.



Соңғы жаңалықтар