Павлодар облысы әкімдігінде екі басқарманың басшылары ауысты

None
Фото: gov.kz
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы әкімдігінде екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасын ың басшысы болып Марат Ақтаева тағайындалды.

Марат Ақтаев 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 2006 жылы ИнЕУ-ді «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіріп, 2016 жылы «экономика және бизнес» магистрі дәрежесін алды. Әр жылдары ол кәсіпкерлікпен айналысты, банкте жұмыс істеді.

Ақсу қаласында кәсіпкерлік бөлімді басқарды.

Шарбақты ауданы әкімі аппаратының басшысы және Ертіс ауданы әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды.

2019 жылдан 2021 жылға дейін Май ауданының әкімі қызметін атқарды.

Сондай-ақ Павлодар облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасына басшы болып Бахытжан Әлімғазиновтағайындалды.

Бахытжан Темірбекұлы, 1985 жылы туған, екі жоғары білімі бар.

2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «сәулет» мамандығы, 2012 жылы «құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған, 2019 жылы «құрылыс» магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2007 жылы дизайнер болып бастады. 2009 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар қаласының «Геодезия, картография және құрылыс» МКҚК сәулетшісі болып жұмыс істеді.

2012 жылдан 2016 жылға дейін Павлодар қаласының жобалау ұйымдарында қызмет атқарды.

2016 жылдан 2019 жылға дейін – Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.

2019 жылдан 2020 жылға дейін – Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.

2020 жылдан 2021 жылға дейін облыстық Құрылыс басқармасының басшысы болды.

2021 жылдан 2023 жылға дейін EPC management бағыты бойынша Астана қаласының жобалау және құрылыс компанияларында қызмет етті.


Соңғы жаңалықтар