Павлодар облысы әкімдігінде басқарма басшысы ауысты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасын Әйгерім Қабылтаева басқаратын болды. Жаңа басшыны аппараттық жиында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әйгерім Қабылтаева 1984 жылы Екібастұз қаласында дүниеге келген. 2005 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Химия» мамандығы бойынша тәмамдап, 2010 жылы осы жоғары оқу орнында «Экология» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болды.
Әйгерім Жаңбыртайқызы 2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте істейді. Павлодар облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасында, Ертіс экология департаментінде жетекші маман болған.
Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасында бөлім басшысы болып жұмыс жасады.
2016 жылдан бастап осы басқармада басшы орынбасары лауазымында қызмет атқарды.


Соңғы жаңалықтар