Павлодар облыстық Мемкірістер департаментінің бұрынғы басшысы 11 жылға сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің экс-басшысы Е.Байғұрманов 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жақында Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің экс-басшысы Е.Байғұрмановқа, облыстық экономикалық тергеу қызметі басқармасының бұрынғы басшысы А. Бейсембаевқа және сол бөлімнің бұрынғы офицері Д.Мағзұмовқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша тергеуді аяқтаған еді. Олар қылмыстық істі қысқарту және «Гамма Талдыкөл» ЖШС-не 1 млрд 100 млн теңге көлемінде салық төлемін есептемеу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінген», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен бірінші инстанция үкімінің күші жойылған. Осылайша, Байғұрманов 11 жылға бас бостандығынан, Бейсембаев 10 жылға бас бостандығынан айырырылса, Мағзұмовқа 160 млн 600 мың теңге сомасында айыппұл салынды. Олардың бәрі өмір бойы мемлекеттік қызмет қызмет атқару құқығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар