Павлодар облыстық мәслихатына кімдердің сайланғаны белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облыстық мәслихатының бір мандатты аумақтық округтері бойынша сайлау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлаушылардың тізіміне 512 343 азамат енгізілген. Дауыс беруге 300 366 сайлаушы қатысты. Олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 143 сайлаушы дауыс берсе, 4 710 сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс таңдау жасаған.

Кандидаттардың жалпы саны – 49.

Сайлау қорытындысы бойынша келесі кандидаттар депутат болып сайланды:

№1 сайлау округі бойынша – Сатабаев Канат Турсунович, 1962 жылы туған, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, магистральдық желі Павлодар бөлімшесі директорының орынбасары, Павлодар қаласында тұрады;

№2 сайлау округі бойынша – Курумбаев Айдар Сарсенбайұлы, 1989 жылы туған, кәсіпкер, Павлодар қаласында тұрады;

№3 сайлау округі бойынша – Әбдіраманова Света Сағындыққызы, 1975 жылы туған, «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК, бөлімше меңгерушісі, Павлодар қаласында тұрады;

№4 сайлау округі бойынша – Мұсабеков Арман Төлегенұлы, 1975 жылы туған, «Султанов атындағы облыс ауруханасы» ШЖҚ КМК директоры, Павлодар қаласында тұрады;

№5 сайлау округі бойынша – Туғанбай Асылбек, 1975 жылы туған, «KAZWET Solution» ЖШС атқарушы директоры, Павлодар қаласында тұрады;

№6 сайлау округі бойынша – Хамитов Мирас Сержанович, 1981 жылы туған, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, жетекші инженер энергетик, «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрағасы, Павлодар қаласында тұрады;

№7 сайлау округі бойынша – Майкотов Байғабыл Нұртайұлы, 1962 жылы туған, «Ветеранов и Инвалидов Афганской войны и локальных войн города Павлодар и Павлодарской области» қоғамдық қорының директоры, Павлодар қаласында тұрады;

№8 сайлау округі бойынша – Ертаев Ержан Ерболулы, 1985 жылы туған, «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас директоры, Екібастұз қаласында тұрады;

№9 сайлау округі бойынша – Культуманов Исламбек Махмерович, 1963 жылы туған, «Гидропром» ЖШС директоры, Екібастұз қаласында тұрады;

№10 сайлау округі бойынша – Рахмашев Арман Оралұлы, 1985 жылы туған, «Кызыл-Тау» ЖШС директоры, Екібастұз қаласында тұрады;

№11 сайлау округі бойынша – Толмачев Александр Николаевич, 1973 жылы туған, «Богатырь Инвест» ЖШС директоры, Ақсу қаласында тұрады;

№12 сайлау округі бойынша – Мазгутов Рустам Адипович, 1965 жылы туған, «Павлодар жолдары» ЖШС бас директоры, Ақсу қаласында тұрады;

№13 сайлау округі бойынша – Ибрагимов Калауиден Куланович, 1972 жылы туған, «Ибрагимов» ЖК «Мадина» ШҚҚ басшысы, Ертіс ауданында тұрады;

№14 сайлау округі бойынша – Джартыбаев Серік Төлеуханұлы, 1981 жылы туған, «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК басшысы, Павлодар қаласында тұрады;

№15 сайлау округі бойынша – Нурханова Гульмира Габдулхамитовна, 1969 жылы туған, «Нурханова» ЖК басшысы, Тереңкөл ауданында тұрады;

№16 сайлау округі бойынша – Жүсіпова Нағимаш Ғарифоллақызы, 1962 жылы туған, «№ 5 арнайы мектеп-интернаты» КММ дефектологы, Шарбақты ауданында тұрады.

Өңірде сайлауға 6 саяси партия қатысты. Олардың жинаған даусы мынадай:

«Amanat» партиясы – 167 590 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 56,66 проценті;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 35 924 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 12,14 проценті;

«Respublica» партиясы – 35 247 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 11,92 проценті;

«Қазақстан халық партиясы» – 15 320 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,18 проценті;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 3 550 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,20 проценті;

«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 32 366 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 10,94 проценті;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 5 799.

Осылайша, келесі партиялардың өкілдері облыстық мәслихатқа депутат ұсына алады:

«Amanat» партиясы – 9;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2;

«Respublica» партиясы – 2;

«Қазақстан халық партиясы» – 1;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 2.


Соңғы жаңалықтар