Павлодар мұнайхимия зауытында өрт болды

None
None
 ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС цехында өртенген мұнай сөндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«- Бүгін, 3 ақпан күні сағат 13:33-де №7 «Өрт сөндіруші» АҚ мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Солтүстік өндірістік аумақта орналасқан «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің бас операторынан хабарлама түскен.3 ақпанда сағат 13:33-те «Өрт сөндiрушi»  АҚ-ның №7 бөліміне Солтүстік өнеркәсіптік аймағына орналасқан «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС цехының аға операторынан бастапқы мұнай өндіру кешенінде, ашық алаңдағы құбырда мұнай өртенгені жайлы хабар түскен.  

«№100 секциясында, ашық аумақта, тік металл мұнай құбырында саңылау пайда болған және мұнай жанған, бірақ жалын жайылмаған»,-деп хабарлады Павлодар облысы ТЖ департаментінің ақпараттық-сараптамалық бөлімінің басшысы Асхат Кәкімов. 

Зардап шекендер жоқ. Өрттің шығу себептері мен келген шығын есептелуде. Өртті сөндіруге  «Өрт сөндіруші» АҚ-ның №7, №8 өрт сөндіру бөлімдері, «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-ның күзет бойынша құтқару қызметі жұмылдырылды. Жеке құрамнан 23 адам мен сегіз техника тартылды.

Соңғы жаңалықтар